6 часов назад

БҚО-да баспана кезегінде тұрған 16 мың адамның құжаты тексерілген

БҚО-да 31 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр.

БҚО-да баспана кезегінде тұрған 14 мың адамның құжаттары тексерілмепті
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

2025 жылдың 24 мамырынан бастап елімізде «Отбасы банкі» баспана кезегіне жауапты болмақ. Бұған дейін жергілікті әкімдіктер азаматтарды кезекке қойып келді. Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысында 31 116 адам кезекте тұр. 

Облыстық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы және энергетика басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, тұрғындардың әлеуметтік осал топтары бойынша – 18 884 тұрғын, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлер, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратындар санатындағы 12 151 адам және жалғыз баспанасы апатты деп 588 азамат кезекке тұрыпты. 

Жергілікті әкімдіктер 24 мамырға дейін баспана кезегін өңдеп, тексеріп, тапсыруы шарт. Қазіргі таңда Тасқала, Теректі, Жәнібек, Бәйтерек, Шыңғырлау, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Қаратөбе және Ақжайық ауданы бойынша түгендеу жұмыстары толығымен аяқталған. 

Өңделген кезек саны 16 751 құрайды. Алайда әлі күнге дейін Орал қаласы әкімдігі, Бөрлі, Казталов, Сырым ауданы тізімде тұрған жандардың кезегін түгендемепті. Әкімдіктер 14 365 адамның құжаттарын тексеруі шарт.

Биылғы жылдың 24 мамырында елімізде Ұлттық даму институты мәртебесіне ие болған Отбасы банкіне бірыңғай республикалық электрондық базасы беріледі. Кейін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасы да  қолданысқа енгізілмек.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp