6 часов назад

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау аяқталды

Қазақстандық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді 16 мамыр мен 7 шілде аралығында тапсырады.

Қазақстандық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді 16 мамыр мен 7 шілде аралығында тапсырады.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Мектеп түлектері негізгі сынақты 16 мамыр мен жетінші шілдеге дейін тапсыра алады. Талапкерлер негізгі сынақты екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 16,5 пайызы «Математика-Физика», 15,6%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдаған. 9,7%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдапты. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 285 адам тапсыруды жоспарлап отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндерінің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша тапсырады. Тапсырмалар саны 120-ны құрайды. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл 140-ты құрайды.

Тестілеу уақыты – төрт сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Министрлік шекті балл өзгеріссіз қалды: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық ЖОО-ға түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғарғы оқу орындары түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет деп хабарлады.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp