8 часов назад

БҚО-да масаны улау үшін 81 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

2025 жылы Орал қаласы мен оның аумағын улау үшін бюджеттен 81 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

2025 жылы Орал қаласы мен оның аумағын улау үшін бюджеттен 81 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысында Орал шаһары мен қалаға қарасты аумақты масаның дәрнесілінен улау үшін қазынадан қаржы 81 миллион 645 мың теңге бөлінді. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, 2024-2025 жылдарға арналған профилактикалық десинсекция жұмыстары үшін 187 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Өткен жылы басқарма «Танкеев Б.А.» жеке кәсіпкермен келісімшарт жасасты.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім басшысы Аманкелді Ашиковтың таратқан ақпарына сүйенсек, биыл сәуір айынан бастап көп шоғырлану аймақтарын анықтау және анықталған аумақтарды аспалы сөмкелі бүріккішпен жүргізілетін дернәсілдерге қарсы жерүсті өңдеу жұмыстары жүргізіліпті. Жалпы өңдеу екі мың шаршы гектар жер дәрнәсілдерден уланған. 

Мамырдан бастап масаларға қарсы өңдеу жұмыстары жалғаспақ. Ол үшін арнайы облыс орталығы мен қалаға маңында қозғалуға бүріккіш көлігімен жүргізіледі екен. Улау жұмыстары күн ұясына батқан шақтан бастап, таңға дейін орман белдеулерінде, орман алқаптарында, өзендер бойында, сондай-ақ саябақтар мен тынымбақтарда жүзеге асырылады.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp