Казталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында түлектер ерекше тарту дайындауда. Жалпақталдық түлектер ауыл тұрғындарына ерекше тарту жасамақ. Жалпақталда Эйфель мұнарасы бой түзейді. Қазіргі таңда мұнараны орнату жұмыстары орындалуда.Оның биіктігі 30 метрді құрайды.
Казталов ауданы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, Эйфель мұнарасын 2006 жылы К.Мендалиев және Ғ.Молдашев атындағы мектептің түлектері орнатпақ. Мұнараның жалпы құны 45 миллион теңгені құрайды екен.
Жалпақталда түрлі жылдары мектеп бітірген түлектер ауылға тарту жасауы игі дәстүрге айналған.