14 часов назад

БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 228 мың көшет отырғызылмақ

БҚО-да биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 228 мың тал егу жоспарланыпты.

БҚО-да биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 228 мың тал егу жоспарланыпты.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің фотосы

Орал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 55 ағаш егілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Тал-теректер Тұңғыш президент алаңында отырғызылды. Акцияға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев пен эко-белсенділер  қатысты. Ол экологиялық акцияның тек көгалдандыру мен аумақты абаттандыру ғана емес, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосатын үлесін атап өтті.

— Бұл тек абаттандыру шарасы емес, сонымен қатар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі бірігіп, жүйелі түрде облыстың барлық аудан, қалаларында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Әрбір мекеме, ұйым және елді мекендер бұл акцияға белсенді қатысатынына сенімдімін, — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Биыл облыс аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 228 мың көшет отырғызу жоспарланған. Оның бес мыңға жуығы Орал қаласында егілмек.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2023 жылы мемлекет басшысының бастамасымен іске асып келеді. Акцияның негізгі мақсаты еліміздің жасыл-желек қорын қалпына келтіріп,  көбейтуге, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоқыстан тазартуға, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp