Батыс Қазақстан облысында темірбетон бұйымдарын шығаратын цех өртке оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, тілсіз жау Бәйтерек ауданына қарасты, Мичурин ауылында Магистральный көшесінде тұтанған. Әуелі қызыл жалын ғимараттың шатыры мен бір бөлігінде шаршыған.

– Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды жедел оқшаулап, оның әрі қарай таралуына жол бермеді. Жұмыс барысында ғимараттан төрт пропан және екі оттегі баллоны шығарылып, ықтимал жарылыс пен ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік туды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тілсіз жау толықтай сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.