Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 43 жаңа кәсіп ашылды
Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 57 адамға несие берілді.

2023 жылы елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттырып, кәсіп ашуға арналған. Биыл осы бағдарламасы іске асыру үшін облыс тұрғындары 5,5 милиард теңге бөлінді.
Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» арқылы 43 адам жаңадан кәсіп ашыпты. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. 2023 жылдан бастап 57 тұрғынға 480,1 миллион теңге құрайтын несие берілген. Кәсіпкерлер қоян жылында 263,2 миллион теңге несие рәсімдесе, 2024 жылы 216,5 миллион теңге болатын кредит алыпты. Ауданда кәсібін дөңгелентіп отырған жандардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Бұл бағытта 33 жоба іске асыпты.
Төрт түлікті дамыту үшін шаруалар 220,7 миллион теңгені құрайтын несие рәсімдепті. Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, дихандар өсімдік шаруашылығын дамыту үшін екі жобаны қолға алып, 4,7 миллион теңгеге несие алған. Бөрліде құс шаруашылығында екі жоба жалпы соммасы 8,6 миллион теңге, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі алты жоба жалпы соммасы 136,5 миллион теңге, ауыл шаруашылық техникасын және жабдықтар сатып алу бойынша 14 жоба іске асты. Оның жалпы соммасы 109,6 миллион теңгені құрады.
Биыл да «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге аспақ. Бағдарламаның негізгі қаржыландыру бағыты сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік болып айқындалыпты. Ауданда сол бағытта тиісті жұмыстар жүргізілмек.
- БҚО-да көктемгі егіс басталды
- Ақтөбе облысында егістік алқабы 723 мың га құрады
- Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 4 млрд теңге бөлінді
- В Бурлинском районе растет количество предпринимателей и крестьянских хозяйств
Фото: pixabay.com