Қала бюджеті қайта нақтыланды
Орал қалалық мәслихатының кезекті 12-ші сессиясы өтіп, 2017-19 жылдарға арналған бюджет қайта нақтыланды. Атап айтқанда құрылыс саласы қосымша қаржыға ие болды. Яғни, салынатын тұрғын үй, жөнделетін жол, абаттандырылатын аулалар саны арта түсті. Бұған қоса сессияда шаһардың екі тұрғынана «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Қалалық қазына 3 млрд. 566 млн. теңгеге ұлғайып отыр. Бұл республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаражат пен кірістер есебінен мүмкін болды. Нақтыланған соманың басым бөлігі құрылыс саласына бағытталмақ. - Республикалық бюджет қа