Қалада 7 үй қалпына жөнделуде
Үйді күтіп ұстау - тұрғындардың өз қолында. Ескі үйлерді жаңарту үшін «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасына белсене қатысу қажет. Жаз соңына дейін Оралда 149 миллион теңгеге 7 үйді жөндеу көзделген. Құрылыс жұмыстары екі көпқабатты үйде басталып та кеткен. Гагарин көшесі 67 мекенжайындағы бұшл үйдің салынғанына 40 жылдан асқан. Бірде-бір күрделі жөндеу жасалмаған. Шұрық-тесік төбесінен су сорғалап, ол пәтер-пәтерге жайылған. Енді бұл азап артта қалды дейді тұрғындар. Екі апта бұрын бағдарлама бойынша шатырды жөндеу басталған. - Үйдің күйі жылдар бойы адам аярлық еді. Қаз