• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қалада аялдама тұрақтары жаңартылды

Орал қаласында заманауи аялдамалар орнатылуда. Бір ерекшелігі, жолаушылардың жаңа тұрағына бейнебақылау камералары қойылып, жарық шамдарымен де қамтамасыз етілген. Жүргіншілер жолына да жарық берілуде. Бүгінде Орал қаласында қоғамдық көлік тоқтайтын 500-ге тарта аялдама бар. Бірақ оның барлығында бірдей аялдама тұрағы жоқ. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін шаһарда жаңа павильондар орнатылуда. Мұндағы жарық шамдары кешкі және түнгі уақытта жанып тұрады. Тұрғындар жаңалықты бағалап үлгерді. - Әрине, жаңа аялдама тұрағы ыңғайлы. Әсіресе, кеште жарықтандырылатыны қолайлы бізге. Қауіпсіз. Осы жерде ай
Қалада аялдама тұрақтары жаңартылды
Орал қаласында заманауи аялдамалар орнатылуда. Бір ерекшелігі, жолаушылардың жаңа тұрағына бейнебақылау камералары қойылып, жарық шамдарымен де қамтамасыз етілген. Жүргіншілер жолына да жарық берілуде.  
ostaovki
ostaovki
Бүгінде Орал қаласында қоғамдық көлік тоқтайтын 500-ге тарта аялдама бар. Бірақ оның барлығында бірдей аялдама тұрағы жоқ. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін шаһарда жаңа павильондар орнатылуда. Мұндағы жарық шамдары кешкі және түнгі уақытта жанып тұрады. Тұрғындар жаңалықты бағалап үлгерді. - Әрине, жаңа аялдама тұрағы ыңғайлы. Әсіресе, кеште жарықтандырылатыны қолайлы бізге. Қауіпсіз. Осы жерде айта кетерлігі, кейбір бұзақылар тым жақсы аялдамалардың әйнегін сындырып, сызып, бүлдіріп кетеді. Немесе неше түрлі жарнамалармен толтырып тастайды. Жрнамаға бөлек тақтайша ілінуі керек деп есептеймін. Ал бұзақыларды ұстау керек, - дейді Анаргүл Тойшиева.  Оралдықтың бұл тілегі енді орындалуы тиіс. Өйткені жаңа аялдама тұрағына бейнебақылау камералары қойылуда. Бұл жалпы құқықбұзушылықтың алдын алуға да сеп болмақ. Қазір қалада «Зенит» зауыты, Еуразия институты, «Галактика» сауда-ойын-сауық  орталығы, «облисполком» аялдамаларындағы тұрақтар жаңартылды. Келер жылы тағы 50 павильонды жаңарту көзделген. Сөйтіп аялдамалар ортақ дизайнмен көркемделіп, бір ізге түспек. Сондай-ақ қалада көлік апаттарының алдын алу мақсатында жүргіншілер жолағы да жарықтандырылуда. Мектеп, емхана, басқа да әлеуметтік нысандар жанындағы жаяужолға жоғарыдан жарық берілетін арнайы құрылғылар қойылды. - Есенжанов, Датов, Шолохов, Құрманғазы, Сарайшық көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріне құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Әсіресе, жол-көлік апаттары жиі орын алатын жерде, - дейді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының меңгерушісі МИРАС МҮЛКАЙ. Қосымша жарық беру жабдықтары 10 жаяу жүргіншілер жолында орнатылады. Естерінізге сала кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын Орал қаласының әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ бұқаралық ақпарат құралдар өкілдеріне қалада елуге жуық аялдама жаңартылады деп уәде берді.     Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article