Қалада тұрғын үйлерге «ақылды шамдар» орнатылуда
«Ақылды қала» жобасының аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге диодты жарық шамдары орнатылуда. Пилоттық жоба БҚО әкімдігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының өзара ынтымақтастығы аясында қолға алынған. Мақсат - ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалана отырып, тұрғындарға жайлы жағдай жасау. Орал қаласындағы Қонаев көшесі, 67-үй мекенжайына «ақылды» шамның орнатылғанына бір айдан асқан. Оның негізгі ерекшелігі - дыбыс пен жарықтың әсерінен қажет кезде қосылып, сөнеді. Бастысы - кәдімгі жарық құрылғыларымен салыстырғанда электр қуатын бірнеше есе көп үнемдейді. Мәселен, бір айда дәліз аймағын жа