Қаладағы құрлыстардың сапасы қатаң қадағаланады
Биыл қаламызда 4 балабақша күрделі жөнделіп, үш мектеп жаңадан салынады. Сондай ақ бюджеттен бөлінген 8 млрд. теңгеге 72 шақырым көшені жаңғырту жоспарланып отыр. Жоспарлы жұмыстарымен қала әкімі Нариман Төреғалиев танысып, сапаға мән беруді тапсырды. Жол мәселесі әлі біраз уақыт оралдықтардың ат-көлігін аздырып, жүйкесін тоздыратын түрі бар. Шұрық-тесік көшелерді жөндеу жыл өткен сайын жанданса да, сол құрлыстың сапасы сын көтермей тұр. Төселген жол бір жыл өтпей жатып үгітіліп, ойқыш-ұйқыш күйге түседі. Тіпті міндетін жауапсыз атқарған бірқатар мердігерлердің ісі сотта қаралды. Ал биыл шаһар