Қазақтың үш батыр қызына ескерткіш қойылды
Оралда шығыстың қос шоқ жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова және қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспановаға жаңа ескерткіш орнатылды. Қазақтың үш қаһарман қызының мүсіні бір тұғырға қонды. Айтулы шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, Қазақ КСР-інің халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев және соғыс ардагерлері Хамза Сафин мен Мұхтар Әжіғұлов ескерткіштің ашылу рәсімін жасады. Қазақтың үш батыр қызына ескерткіш орнату туралы ұсыныс өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен ардагерлерден келіп түскен. 11 жобаның ішінен мемлекеттік комиссия белгілі астан