Бизнес-новости
Қазіргі кездегі діншілдіктің ерекшеліктері туралы теолог айтып берді
Қазіргі кездегі адамдарды діншілдігіне байланысты екі типке бөліп қарастыруға болады: діншіл немесе діншіл емес адамдар тобы. «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Батырбек Кусайновтың айтуынша, біз өмір сүріп жатырған қоғамда адамдардың дінге деген ара-қатынасы, жаратылыстан тыс әлемге сену деңгейі діндарлық немесе діншілдік ұғымымен сипатталады. Бұл ұғымдар ең алдымен адамдардың тобы немесе жеке тұлғаның әлемге деген діни көзқарасының, танымының, тәртібі мен өмір сүру салтының белгісі болып есептеледі. –Дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр.