Құтқарушылар суға түсу ережелерін атап өтті
Жыл сайын су айдындарында элементарлы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан адамдар қазасы орын алады. Суда батып кетушілердің арасында балалар бар. - Жаз толық басталмай-ақ, бүгінге дейін облыстың су айдындарында 6 адамның қазасы орын алды. Қаза болғандардың біреуі жасөспірім. Адамдардың суда қайтыс болудың басты себептері – судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, суға ішімдік ішіп түсуі және балалардың ересектердің қадағалауынсыз суға түсуі болып отыр, - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімінің бастығы Марс Отаров. - Шыңдалмаған және қарт ад