5 часов назад

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 2.8 мыңға жуық маман үйлі болмақ

2025 жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 25 миллиард теңге бөлінбек.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 2.8 мыңға жуық маман үйлі болмақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл еліміз бойынша «Дипломммен ауылға» бағдарламасы үшін мамандарға бюджеттік кредитке үй алу үшін 25 миллиард қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Осылайша биыл 2,8 мың адам баспаналы болмақ.  

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылы іске қосылды. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.

Жобаға қатысушыларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында екі мың жарым айлық есептік көрсеткіш, ауылдық елді мекенде екі мың айлық есептік көрсеткіш бюджеттік көлемінде кредит секілді әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бюджеттік несие 15 жылға беріледі. Бағдарламаның міндеті шарты бойынша жас маман ауылда кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.  

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp