Екпеден бас тартқандардың саны артқан
Өңірде бір жылда екпе алмаған балалардың саны бірден 300-ге өсті. Қазір жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация салынбаған 900-ге жуық сәби тіркелген. Өзекті мәселеге қатысты екпе жасатуға қарсы ата-аналар мен дәрігерлер бір үстелде бас қосып, ой-пікірлерін ортаға салды. Дәрігерлер екпе жасамаудың соңы жаппай эпидемияға соқтыруы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Екпе алмаған баланың полимелит, күл секілді айықпас дертке шалдығып, мүгедек болуы, тіпті өліп кетуі оп-оңай. Орал қаласындағы №5 емхананың өзінде 113 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Дені діни көзқарасы бойынша келіспей отыр. Бүгін дәріге