• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Газ жабдықтарын жасайтын бірегей өндіріс орны

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендер мен жаңадан ашылған өндіріс орындары, әлеуметтік нысандарға табиғи газ тартылуда. Сол себепті газ құрылғылары жоғары сұранысқа ие. «Батысмұнайгазжабдықтары» кәсіпорны 10 жылға тарта осы салада қызмет етіп келеді. Осыдан он жыл бұрын ашылған кәсіпорын автоматты газ тарату стансасын құру және қондырумен айналысады. Бәсекеге қабілетті болу үшін қажет құрал-жабдықтар жыл сайын жаңартылады. Өндіріс мамандары қайта даярлау курстарынан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Қазір мұнда 50-ден астам адам жұмыс істейді. - Жұмысымыз жақсы. Жалақы уақытылы беріп
Газ жабдықтарын жасайтын бірегей өндіріс орны
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендер мен жаңадан ашылған өндіріс орындары, әлеуметтік нысандарға табиғи газ тартылуда. Сол себепті газ құрылғылары  жоғары сұранысқа ие. «Батысмұнайгазжабдықтары» кәсіпорны 10 жылға тарта осы салада қызмет етіп келеді.
zavod
zavod
Осыдан он жыл бұрын ашылған кәсіпорын автоматты газ тарату стансасын құру және қондырумен айналысады. Бәсекеге қабілетті болу үшін қажет құрал-жабдықтар жыл сайын жаңартылады. Өндіріс мамандары қайта даярлау курстарынан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Қазір мұнда 50-ден астам адам жұмыс істейді. - Жұмысымыз жақсы. Жалақы уақытылы беріп тұрады. Тапсырыс көп. Кейде тіпті үлгере алмай жатамыз. Ол жақсы, әрине, табысымыз молаяды, - дейді темір ұстасы БЕРІК КУБАШЕВ. Кәсіпорында қондырғы қаңқасын құрудан бастап, сұралған жерге жеткізуге дейін өндіріс талабының барлық кезеңі орындалады. Бір ғана газ тарату стансасын құрастыру үшін 2 айдай уақыт кетеді. Жылына мұнда 10 шақты дана станса өндіріледі. Былтыр Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары зауыттың өнімін тұтынған. Қазір Алматы өңірі мен өзіміздің Орал жылу электр орталығының тапсырысы дайындалуда. Серіктестікте қазақстандық қамту 60 пайызды құрайды. - Металл секілді қажет материалдардың бәрін осы облыстан алып жатырмыз. «Зенит» зауыты, «Агран», «Маяк» секілді кәсіпорындармен жұмыс істейміз. Қиындық бұрын болды. Қазір тапсырымыз көбейді. Жұмыс бар, - дейді өндіріс шебері ТАЛҒАТ ТҮРІКПЕНОВ. Кәсіпорын жанынан оқыту орталығы да ашылған. Мұнда газ стансасы орнатылған аймақтарда жұмыс істейтін мамандар біліктілік курсынан өтеді. «Өңірде машинажасау саласымен қатар химия өнеркәсібі, металлургия, қағаздан жасалған бұйымдар, ағаш өңдеу өндірісінде едәуір өсім байқалады» дейді Батыс-Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы бөлімінің бас маманы ӘЛИЯ ИМАНҒАЛИЕВА. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, тапсырысы тұрақты осындай кәсіпорындардың арқасында он айда өңір өнеркәсібінде 1 триллион 272 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.     Арман Курманалиев
Главный баннер --> after article