Air Astana әуе компаниясы Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты 21 шілдеден бастап Дубайға ұшпайды. Тоқау 31 тамызға дейін жалғаспақ. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады.
— Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады, – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.
Ұлттық тасымалдаушы Дубай рейсіне байланысты сұрақ туындаса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7): help.airastana.com + 7 727 244 4477 + 7 7172 584477 +7 702 702 4477
Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Омуз бұғазындағы шиеленіскен жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшатын рейстерін кейінге қалдырған еді.
Air Astana не вернется в Дубай в апреле: авиакомпания продлила отмену рейсов