Көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактісін алдын алу
Жаз кезі - бұл адамдардың табиғат аясына демалуға шығатын керемет кез. Жазда балалардың көптен күткен жазғы демалыстары да басталады. Өкінішке орай, осы уақытта адамдардың жарақат алу, суда қаза болу, жол-көлік оқиғалары және де тұрмыстық, табиғи өрттер санының өрістеуі байқалады. Балалар жарақаты тек қана Қазақстанда емес, көптеген әлем елдерінің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелеріне айналды. Бұны түрлі жарақаттардан балалар өлімінің жоғары деңгейлігінен көруге болады. Облыс бойынша кәмелетке толмағандардың алған жарақаттарымен медициналық көмекке жүгіну саны орташа алғанда 4500 шамасында. Мә