• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

«Кіші ЭКСПО-2017» ғылыми жобалар көрмесі өтті

«Кіші ЭКСПО-2017». Бүгін осындай атаумен «КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінде студенттер ғылыми жобаларының көрмесі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шарада баламалы қуат көздері пайдаланылған жұмыстар басым болды. Кейін үздік жобалар Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жолданады. Ұшатын автокөлік. Студенттер ойлап тапқан «КазЭКСПО» аэротаксиі нанотехнологиядан құралмақ. Күннен қуат алатын көлікке жүргізушімен қатар 4 адам жолаушы бола алады. Экологиялық таза аэротаксидің салмағы 300 келі. - Аэротакси ұшағы карбон және алюминий материалдарынан жасалған арнайы қо
«Кіші ЭКСПО-2017» ғылыми жобалар көрмесі өтті
«Кіші ЭКСПО-2017». Бүгін осындай атаумен «КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінде студенттер ғылыми жобаларының көрмесі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шарада баламалы қуат көздері пайдаланылған жұмыстар басым болды. Кейін үздік жобалар Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жолданады.
expo-1
expo-1
Ұшатын автокөлік. Студенттер ойлап тапқан «КазЭКСПО» аэротаксиі нанотехнологиядан құралмақ. Күннен қуат алатын көлікке жүргізушімен қатар 4 адам жолаушы бола алады. Экологиялық таза аэротаксидің салмағы 300 келі. - Аэротакси ұшағы карбон және алюминий материалдарынан жасалған  арнайы қозғалтқыштар арқылы жұмыс жасайды. Температураға шыдамды. Суыққа төзімді. Мұндай көлікті жасаудағы басты мақсат – Орал қаласына Алматы, Астана қалаларындағы институтқа келетін арнайы қонақтарымызды тасымалдау, -дейді «КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенті ЕРБОЛ НҰРОЛЛАЕВ. Ал мынау тәуелсіз түзету мекемесінің макеті. Тәуелсіз аталатын себебі, мемлекетке шығын келтірмейтін, қаржылық тұрғыдан өзін-өзін қамтамасыз ететін ұйым екен. Кешен күн мен жел күшінен қуаттандырылады. - Түрме, яғни тәуелсіз түзету мекемесінің жатақханасы мен асханасы 300 адамға арналған. Медициналық мекеме де күн энергиясынан қуат алады. Және бұл жерде жылыжай мен құс өсінретін орындай бар, - деп таныстырды студент НҰРБЕРГЕН КӘРІМОВ өз идеясын. Жобалардың ішінде патенттелген жұмыстар да бар. Соның бірі – мұнайгаз кешенінің машина-жабдықтарын энергиямен қамтамасыз етуге арналған аэродинамикалық жел қуатының қондырғысы. «Кіші ЭКСПО» көрмесіне барлығы 24 жұмыс қойылған. Жобалардың барлығы дерлік баламалы қуат көздерін насихаттайды. Студенттер бар күш-жігерін жұмсап, зор қызығушылықпен еңбек еткен. - Әр студент өз жобасына бар оқыған-білгенін, өз идеясын салды. Жобалар жаңа экономикалық саясат,  индустрияландыру картасы, «Жасыл ел» бағдарламасы, Ұлт жоспары «100 қадам» негіздерін басшылыққа алды, - дейді «КАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінің аға оқытушысы ЭЛЬМИРА МҰРАТОВА. Көрмедегі үздік 15 жоба Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жолданады.   Акерке Абишева
Главный баннер --> after article