Бизнес-новости
Маңғыстау облысының қоғам белсенділері эко-слет өткізді
Маңғыстау ауданының «Ақмыш» демалыс аймағында экологиялық слет өткізілді. Слеттің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін, сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аудару. Іс - шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды шараға Маңғыстау облысының Маңғыстау, Мұнайлы, Ақтау, Түпқараған аудандарынан ҮЕҰ-ның 80-ге жуық өкілі қатысты. Слет аясында бірнеше кезеңнен тұратын экологиялық байқау өткізілді. Ең алдымен, қоғам белсенділері өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Слеттің екінші кезеңінде құстарға арналған ұялар салынып, орнатылды. Сондай ақ