Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап беріп, бренд киімге қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Мой Город.
Бұл жағдайға оқырмандардың бірінің қалдырған пікірі себеп болған. Желі қолданушысы оның киіміне қатысты сын айтып, "Үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой" деген пікір жазған.
Айман Талғатқызы бұл сынға сабырмен жауап қайтарып, бренд киюді міндет деп санамайтынын атап өтті.
"Енді кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Дым көрмегендей брендтің бәрін жапсыра алмайды екенмін. Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес", – деп жазды ол.
Сонымен қатар ол адамның стилі тек қымбат киіммен анықталмайтынын жеткізді. Оның ойынша, ең бастысы – киімнің үйлесімі мен адамның талғамы.
"Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Бүтін киетін киім мен талғам болса, сол бренд. Сен не кисең де үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!" – деді Айман Талғатқызы.