• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда 205 келі бекіре балығы тәркіленді

Қызыл кітапқа енген балық Ақтауда тәркіленді.
Маңғыстауда 205 келі бекіре балығы тәркіленді
ІІМ фотосы

Ақтауда полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген бекіре балығын тәркіледі. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлайды. Оқиға 28 тамызда тіркелген. Тәртіп сақшылары жеделі- іздестіру шараларының барысында Toyota Camry автокөлік жүргізушісін тоқтатыпты.

Темір тұлпарды тінту барысында сегіз пакет 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленген. Балықтың жалпы салмағы 205 келіні құрайды.

Главный баннер

Көлікте болған екі ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі таңда осы бекіре балығын тәркілеу бойынша Қылмыстық кодекстің 339 бабы, бірінші бөлігі бойынша іс қозғалған. Тәркіленген балықты сақтауға жіберіпті. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында 256 келі бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалданғандар қолға түскен еді. 

Главный баннер --> after article