• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 122 келі бекіре тұқымдас балықты тасымалдамақ болған тұрғын ұсталды

Орал қаласының тұрғыны 49 дана бекіре тұқымдас балықты тасымалдамақ болған.
БҚО-да 122 келі бекіре тұқымдас балықты тасымалдамақ болған тұрғын  ұсталды
Фото видеодан стоп кадр

Батыс Қазақстан облысында 122 келі болатын бекіре тұқымдас балықты тасымалдамақ болған адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Рубежин ауылының маңында тіркелген. Полиция қызметкерлері «ВАЗ-2131» маркілі көлігін тоқтатыпты. Тексеру барысында арнайы рұқсат қағазы жоқ жайын, мөңке, табан, дөңмайдай, сазан балығын тасымалдағаны анықталыпты. Жалпы 49 дана балық тәркіленген.

Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік арнайы тұраққа қойылыпты.

-Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде, келтірілген шығын көлемі анықталуда,-деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article