• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда 83 келі есірткіні заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Тәртіп сақшылары Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында тінту жүргізіпті.
Маңғыстауда 83 келі есірткіні заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды
Маңғыстау облысы ПД фотосы

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтаған тұрғын құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары алтыншы тамызда Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында қолға түскен күдіктінің ауласында тінту жұмыстарын жүргізіпті. Тінту барысында марихуанна тектес салынған бес қап табылып, тәркіленген. Есірткінің жалпы салмағы 83 келі 300 граммды құрапты.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296 бабыеың екінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. 27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Главный баннер
Главный баннер --> after article