Маңғыстауда қара уылдырықты заңсыз сақтаған ер адам ұсталды. Оқиға Мұнайлы ауданында тіркелген. Маңғыстау облысы полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, қара уылдырықтың жалпы салмағы бес келіден асады. Оны арнайы ыдыста сақтаған.

Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.