Маңғыстауда жер сілкінісі тіркелді
27 тамызда сағат түнгі 1:30-да жер сілкінісі тіркелді.

27 тамызға қараған түні ел аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
— Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 километр жерде Ресей аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары 42.925 º С. Е. 48.765 º ш. б. тереңдігі 15 километр. Магнитудасы MPV 5.2. Есептік қарқындылығы (баллмен): Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 209 шақырым жерде екі балл, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түспепті. Маңғыстау облысының орталығында жер сілкінісін сезген. Төтеншеліктер жағдай тұрақты деп хабарлады.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде сақтық шаралары мен арнайы ережені есте сақтауға шақырады.
1. Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз;
2. Лифт пен баспалдақты қолданбаңыз;
3. Терезеден, жиһаздан алыс тұрыңыз;
4. Нығайтылған қабырға бұрышына жасырылыңыз;
5. Дүмпу тоқтаған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Су, газ, электрді өшіріңіз;
7. Дабыл сөмкесін алыңыз;
8. Электр желілері мен ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз;
10. Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.