5 часов назад

Маңғыстау облысында 3 теміржол вокзалы салынбақ

Маңғыстау облысында 3 теміржол вокзалы салынады деп көлік министрлігі хабарлайды.

Маңғыстау облысында 3 теміржол вокзалы салынады деп көлік министрлігі хабарлайды.
Фото ҚР көлік министрлігінің телеграм каналынан жүктелді.

Көлік министрлігі Маңғыстау өңірінде үш бірдей теміржол вокзалы салынады деп хабарлады. Жаңа ғимараттар Маңғыстау, Шетпе мен Бейнеу станцияларында бой түзейді. Ескі вокзалдар сүріліп, орынына жаңасын салмақ. Өңірдегі жұмыстарды көлік министрлігі Марат Қарабаев тексерді.

— "Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы он есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды орнатуды қарастырдық. Жолаушылар ағыны мен саны артып, туризм де дами түспек",- деді Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қарабаев.

Сондай-ақ Шетпе вокзалының ауданы бес есе, ал Бейнеу вокзалының ауданы он есеге артпақ. Биыл мамандар 404 шақырымдық Бейнеу-Маңғыстау теміржолын жаңартуды жоспарлап отыр.

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында 125 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылмақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp