2 часа назад

Маңғыстауда заң бұзған сотталғандар жазасын қайта темір торда өтейді

Заң талаптарын бұзғандар пробация есебінде тұр.

Маңғыстауда заң бұзған сотталғандар жазасын қайта темір торда өтейді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысында пробация есебінде тұрған жандар заң талаптарын орындамай, жазасын қайтадан түрмеге өтемек. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, заң бұзғандардың бірі қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша сотталған. Ол пробация қызметінің тіркеуіне уақытылы келмей, бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Екінші сотталған адам 188 баб бойынша сотталған. Ол рұқсатсыз көрші ауылға барып, әкімшілік құқық бұзғаны анықталды. Тіпті, тәртіп сақшысына қатысты бейәдеп сөйлегені үшін сот 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім де шығарған екен.

Полиция қызметкерлері заң бұзғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Алайда олар мінез-құлқын сол күйі дұрыстамапты. Жинақталған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен жазаның түрі бас бостандығынан айыруға өзгертілген. Енді заңнама талаптарын бұзған қос сотталған жазаның қалған бөлігін абақтыда өтейді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp