Мүгедек әйелдерге кәсіп ашудың қыр-сырын үйретті
Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына мүдделіміз. Осындай ұран тастаған «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаржылық қолдауымен екі күндік семинар ұйымдастырды. Оқыту сағаттарында нәзік жандарға бизнес жүргізудің әліпбиі үйретіліп, оларды толғандырған сауалдарға жауап берілді. Баян Сәрсенбаева бала кезінен ісмер екен. Енді, міне, тағдыр тәлкегіне ұшыраған шақта бұл қабілеті кәдеге асты. Осыдан үш жыл бұрын ол өз жобасымен «Даму» қорының қайтарымсыз грантын жеңіп алады. Жарты миллион теңгеге тігін мәшинелері мен маталар, өзге де қажет құр