Без рубрики
Мүгедек спортшыларға арнайы жаттығу залы қажет
Оралдық мүмкіндігі шектеулі спортшылар арнайы жабдықталған жаттығу залына зәру. Талай сайыстарда өңір намысын абыроймен қорғап жүрген ерекше санаттағы спортшылар қазір шағын залда жаттығуға мәжбүр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бұрындары әр жерді сағалап, жүйелі жаттығу өткізуде көп қиындықтарға кезіккен спортшылар арнайы орын табылғанда қуанғандары рас. Орталық саябақта орналасқан шаңғышылар базасындағы шағын зал қазір мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығу бөлмесі. Тағдырдың сынағына мойымай, спортты серік еткен қайсар жандар са