Без рубрики
Мемлекеттік бағдарлама бойынша өз ісін ашқан Оралдық кәсіпкерлер бар
Қоян өсіріп, көл-көсір пайдаға кенелем деген кәсіпкер бар екен қалада. Көлік жөндеп, құрылыс бұйымдарын шығарып, сауын сиыр алып та іс тетігін тапқан оралдықтар бар. Бұл шағын кәсіпорындардың барлығы да «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы ашылған. Қала әкімі Нариман Төреғалиев кәсіптің кілтін тапқан азаматтардың шаруасымен танысып, бағдарламаның өзге де мүмкіндіктерін тәптіштеп түсіндірді. «Жұмыспен қамту» бағдарламасының игілігін тек ауылдық жердің ғана емес, қала іргесіндегі кенттік округ кәсіпкерлері де көріп келеді. Мәселен, қайта құрылған «Жайық-дом» кәсіпорны құрыл