Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы азаматтардың сауалдарына жауап беретін CALL орталықты іске қосты. Тұрғындар 1511 нөміріне хабарласып, сауалдарын жолдай алады. Орталық тегін қызмет көрсетеді. Муфтият азаматтарға жедел әрі қолжетімді ақпарат беру мақсатында мұндай қадамға барыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін жасанды интеллектің көмегімен «Imam ai» бағдарламасы іске қосылатынын хабарлаған еді.