Павлодарда келіншек үш бұрын дүниеге келген сәбиін саудаламақ болды. Ол нәрестені 800 мың теңгеге бағалаған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, Түркістан облысында 23 жастағы келіншек жүктілігінің соңғы мерзімінде әлеуметтік желілер арқылар баласын сатып алатын адамдарды іздеген.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларының барысында шақалақты саудаламақ болған әйелді тапты. Ол нәрестесі үшін ақы болмақ болған кезінде қолға түсті.
Қазіргі таңда сәбиді саудалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.
Ал, үш күн бұрын дүниеге келген сәби дәрігерлердің бақылауында екен. оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.