Облыс әкімі егін шаруашылығымен танысты
«Алтын болашақ» қожалығы жылыжай шаруашылығын 2009 жылы қолға алған. Қазір мұнда аумағы 150 мың шаршы метр болатын, 16 жылыжай жұмыс істеп тұр. Негізінен бақша дақылдары мен көкөніс отырғызылады. - Біз жыл сайын топырақты ауыстырып тұрамыз. Өткен жылы 8 жүк көлікпен қарашірік түсірдік. Бақша дақылдарын Орал қаласының базарлары мен сауда орындарына көтерме бағамен сатамыз. Биылдың өзінде 140 тонна қияр өсірдік дейді, - шаруа қожалығының жетекшісі Еркін Насыров. Облыс әкімі Алтай Көлгінов, өсімдік өсіру технологиясымен танысып, шаруашылықтың даму барысына оң баға берді. Қолға алған істі одан әрі