Без рубрики
Ономатикаға қатысты жаңа еңбек жарық көрді
Оралда «Батыс Қазақстан облысының ономастикалық кеңістігі» атты ғылыми-көпшілік монографияның таныстырылымы өтті. Жаңа еңбектің авторы – филология ғылымдарынң кандидаты, өлкетанушы-ғалым Ұлдай Ержанова. Бұл жұмыс ғалымның ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған тартуы. Жер-судың аты - халықтың хаты. Топонимикалық атаулар елдің тарихы мен ұлттық болмысын айқындайды. Сондықтан да төл ономастиканы дамытудың тілдік, мәдени рухани маңызымен қатар, саяси мәні де зор. Ұлан-ғайыр даладағы жер-су атауларын түгендеу арқылы қазақ халқының шежірелі тарихын мазмұнды мағлұматтармен толықтыру мүмкіндігі бар.