Орал қаласында жаңа тәжірибелі жол салынды
Биыл «Астродор» ЖШС қаладағы 80 көшенің бойында ор-шұңқырларды бітеу жұмысын атқару мүмкіндігіне ие болған. Алғашқыда 354 миллион теңгеге осы жұмыстарды атқару міндеті жүктеледі. Кейін олған жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрта Мұхамбетқалиев жолығып, жаңа технологиямен жолдың бір бөлігін жөндеуге ұсыныс білдірген. Тәжірибе ретінде басталғалы тұрған жолға қажет қымбат материалды мердігер өз қалтасынан шығын шығарып сатып алуға мәжбіүр болған.
-«Мен бұл жағдайды жәйдан-жәй қалдырмаймын. Сотқа шағымданып отырмын. Әділетсіздік орын алды. Мен өз шығынымды қайтарып алуым керек»,-дейді мердігер кәсіпорынынң директоры Владимир Вислин.
Мердігер жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімінің басшысына шығынды өтеп беруін сұрап хат жазған. Жауап ретінде басшы оған бұл жобада қарастырылмағанын және шығын қайтарылмайтынын айтыпты. Бөлім жетекшісі мердігермен сотта жүздеспегін жеткізді.
Орал қалалық ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев бұл орайда өз қорғаушысының қатысынсыз қандайда бір мәлімет беруден бас тартты. Сот біткен соң тексерістің нәтижесіне қанығасыңдар деген жауап қатты.
Екі тарап та бұл істе бір мәмілге келе алмай, сот арқылы өз құқытарын қорғауға бекінген. Істің соңы немен тынары шешім шыққан соң белгілі болады.
Естеріңізге сала кетсек, биыл Батыс-Қазақстан обласының жолдарын жөндеуге тоғыз миллиард тенгеге жуық қаржы бөлінді. Тек Орал қаласы бойынша 70 шақырым автомобильдік жолдар жөнделді.
Арман КУРМАНАЛИЕВ