Орал қаласына ауыл шаруашылығы министрі жұмыс барысынмен келді
Орал қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылаған жиын өтті. Биыл облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Агроқұрылымдарды қолдау мақсатында жеңілдетілген несиемен қатар, 54 түрлі субсидия беріледі. Мәселен, бұрын сиырға берілетін жәрдемқаржыны 175 қожалық алып келсе, қазір олардың саны үш есеге ұлғайып, 522-ге жетті. Нәтижесінде мал басы мен өндірілген ет көлемі ұлғайып отыр.