Орал қаласында төрт балабақша күрделі жөнделуде
Орал қалалық № 22 балабақшасы адам танымастай өзгерді. Жөндеу жүргізілген жарты жылда әбден тозған ғимараттың іші-сырты бүтінделіп, айнала абаттандырылды. - Бюджеттен бөлінген қаржы жаңғыртумен қатар, жарақтандыруға да жұмсалды. Сондықтан қазір құрал-жабдықтарды орнату, жиһаздарды жайғастыру жүруде дейді, - балабақша директоры Гүлмира Карабалкина. № 8-ші балабақшада қазір құрылыс қарқын алған. 280 балдырғанға лайықталған бөбекжай жарты ғасырдан бері жібі түзу жөндеу көрмепті. Сондықтан биыл ғимаратты толық жаңғыртуға 180 млн. теңге бағытталды. - Бұл ақшаға шатыр жаңартылып, қабырға қапталады.