Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы жол құрылысының барысымен танысты
Деркөл шағынауданының екінші кезеңінде биыл 23 көше жаңадан салынады. Сондықтан мұнда қауырт тірлік орнаған. Құрылысқа ондаған ауыр техника мен жұмысшылар жұмылдырылған. Асфальт төсеумен бірге, жаяу жүргіншілер жолы салынып, жиектастар орнатылуда. - Құрылысқа биыл 1 млрд. 180 млн. теңге бөлінді. Қаржы уақытылы игеріліп, жұмыс кестеге сай жүруде. Жобаны жыл соңына дейін аяқтап, көшелерді халық игілігіне бермекпіз дейді, - «Уральскводстрой» ЖШС президенті Геннадий Мутасов. Даль көшесін күрделі жөндеу көптен бері көтіріліп жүрген мәселе болатын. Биыл бұл іс қолға алынды. Жөндеу жұмыстары «Түркіст