«Орал-Франкфурт» тұрақты рейсі ашылды
Облыс әкімдігі «Эйр Астана» және КПО компаниялары арасындағы үш жақты келісім негізінде, Орал мен Франкфурт арасында әуе қатынасы ашылды. Әр сәрсенбі сайын іске асатын рейс, Батыс Қазақстан мен Батыс Еуропаны тікелей байланыстырады. Бүгін, алғашқы жолаушылардың аттануына орай, әуежайда салтанатты жиын өткізілді. Анталия, Мәскеу, енді міне Франкфурт. Бұл, Еуропаға ашылған терезе іспетті маңызы зор бағыт. Өйткені Франкфурт – ірі халықаралық транзиттік торап. Оның әуежайынан әлемнің 239 қаласына қарай ұшуға мүмкіндік бар. Мұның өзі өңірдің іскер жандары мен саяхатшылар үшін аса ыңғайлы болмақ. -