• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 1,6 млн теңгені қолды қылған баукеспе ұсталды

Пәтер иесіне келтірілген шығын 1,6 млн теңгені құрады.
Оралда 1,6 млн теңгені қолды қылған баукеспе ұсталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда пәтер тонаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 35 жастағы баукеспе алтыншы сәуір мен 20 аралығында жәбірленушімен таныс болып, пәтеріне емін-еркін кіріп, жатын бөлмеден ақшаны жасырын түрде қолды қылған.

Келтірілген шығын 1,6 миллион теңгеден асып жығылады. Ұры ұлттық және шетел валютасын қалтаға басқан.

Іздестіру барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындапты. Ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсағанын айтқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Главный баннер --> after article