Оралда 31 қазанда «Халық заңгері» акциясы өтеді
Жыл сайын ұйымдастырылатын акция 31 қазанда Орал қаласы Жұбан Молдағалиев көшесі 19 мекенжайында сағат 17:00 басталмақ.
31 қазанда Оралда республикалық «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылмақ. Науқан кешкі сағат 17:00 Жұбан Молдағалиев көшесі 19 мекенжайында өтеді.
Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шарада азаматтар адвокаттарға, нотариусға, прокурор, полиция қызметкерлері, сот орындаушысы мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына кез-келген сұрағын жолдап, тегін кеңес ала алады.
«Халық заңгері» акциясының мақсаты- тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және тегін құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық мәдениетті нығайтып, сот жүйесіне сенімді нығайтуды көздейді.