19 часов назад

Оралда бұрынғы ғашығын бопсалаған адам ұсталды

Қолға түскен күдікті бұрынғы ғашығының интим суретін интернетке жүктеймін деп бопсалап, ақша талап еткен.

Оралда бұрынғы ғашығын бопсалаған адам ұсталды
БҚО ПД фотосы

Оралда бұрынғы ғашығының интим суретін интернетке жүктеймін деп ақша бопсалаған күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қолға түскен күдікті 23 жаста екен. Ол үш жыл бойы бұрынғы қызын қорқытып, ақша алып келген. Осы уақытқа дейін жәбірленуші тоғыз миллион теңгесін санап берген. Бопсалау фактілері банктік аударымдармен, меседжердегі хат-хабарламалармен дәлелденіпті. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы күдіктінің 150 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан үстінде қолға түсірген. Осы қылмысқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. 

Облыстық полиция департаменті :”Кез келген бопсалау жағдайында бірден құқық қорғаі органдарына хабарласу қажет”,-деп ескертеді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp