• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда бұрын сотталған адам қару сату кезінде ұсталды

Қолға түскен күдікті пробация қызметінің есебінде тұрған. Ол бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүргені белгілі болды.
Оралда бұрын сотталған адам қару сату кезінде ұсталды
Видеодан стоп кадр

Оралда қару сатқан адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, қолға түскен күдікті бұрын сотталғаны анықталыпты. Ол пробация қызметінің есебінде тұрып, бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүргені белгілі. Күдікті қаруды сату кезінде қолға түскен.

Полиция қызметкері 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-16» маркілі шағын калибрлі мылтық тәркілепті. Қару атуға жарамды екен.

Қазіргі таңда мылтық саудалаған адамға қатысты тергеп-тексеру басталды.

Главный баннер --> after article