Без рубрики
Оралда үлкен теннистен халықаралық турнир өтті
Орал қаласында үлкен теннистен халықаралық турнир өз жалауын көтерді. Жоғары деңгейлі сайыста Қазақстан мен Ресей, Грузия мен Белоруссия және Ұлыбритания сияқты алыс-жақын 9 елден келген жас спортшылар сынға түсті. Үлкен теннистен бұндай халықаралық деңгейдегі сайыс Оралда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жарыста жас спортшылардың шеберліктері олимпиадалық жүйе бойынша сараланады. 18 жасқа дейінгі топта өнер көрсететін жас шеберлер үшін бұл турнирдің мәні айрықша. Осы сайыста жоғары нәтиже көрсеткен спортшы өз деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеген деп танылады. Алыс-жақыннан келген спортшылар сынға