• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда екі мектептің құрылысы басталды

Орал қаласында жаңа екі мектептің құрылысы басталды. Зачаган кенттік округіне қарасты Сарытау шағынауданында - 900, Деркөл шағынауданында 600 оқушыға арналған білім ордаларының құрылыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бас шаһармен іргелес бой көтерген деркөлдіктер үшін бұл мектеп құрылысының маңызы зор. Себебі, осы маңдағы елді-мекендердің балалары №12 білім ордасына қатынап оқуға мәжбүр. Мектепке дейінгі даярлық сыныбын қосқанда барлығы 1712 шәкірт сонда дәріс алып жүр. Ұлттық қордан және жергілікті қазынадан осы олқылықтың орнын толтыру үшін 1 миллиард 255 миллион 600 мың теңге бөлі
Оралда екі мектептің құрылысы басталды
Орал қаласында жаңа екі мектептің құрылысы басталды. Зачаган кенттік  округіне қарасты Сарытау шағынауданында - 900, Деркөл шағынауданында 600 оқушыға арналған білім ордаларының құрылыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
shkola
shkola
            Бас шаһармен іргелес бой көтерген деркөлдіктер үшін бұл мектеп құрылысының маңызы зор. Себебі, осы маңдағы елді-мекендердің балалары №12 білім ордасына қатынап оқуға мәжбүр. Мектепке дейінгі даярлық сыныбын қосқанда барлығы 1712 шәкірт сонда дәріс алып жүр. Ұлттық қордан және жергілікті қазынадан осы олқылықтың орнын толтыру үшін 1 миллиард 255 миллион 600 мың теңге бөлінетін болды. Ал, келесі жылдың үшінші тоқсанында жаңа білім ордасы шәкірттерге есігін айқара ашады деп күтілуде. Бұл, өз кезегінде біраз мәселенің оң шешімі болмақ. Заманауи үлгіде бой көтеретін білім ордасының бірі Зачагандағы Сарытау шағынауданында. 900 орындық мектептің мердігерлері жоспарлы жұмысты уақытылы аяқтауға толық мүмкіндік бар дейді. Бұл нысанның да құрылысына 1 миллиард 888 миллион 100 мың теңге бағытталып отыр. - Қаржы бөлінді, қажетті материалдар жеткізілді. Құрылыс материалдарының барлығы да жергілікті жерде шығарылған, яғни үй құрылысы комбинатында даярланған. Нысанның іргетасын құю жұмыстарына 80 құрылысшы қатысуда. Негізгі жұмыстар қарқын алғанда олардың саны 400-ге дейін жететін болады. Келесі жылдың 4-ші тоқсанында бұл білім ордасын пайдалануға беруді көздеп отырмыз, - дейді «СВ плюс» ЖШС директоры СӘБИТ ӨТЕБАЛИЕВ. - Күн санап Орал қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Орта есеппен әр жыл сайын мектеп жасындағы балалардың қатары да 2 мыңға көбеюде. Сондықтан олардың заман талабына сай білім алуы үшін толық мүмкіндік туғызу біздің міндетіміз. Қос нысанның құрылысын уақытында аяқтап, бұдан басқа да мектептер салу келер күннің басты мәселесі болып қала береді, - дейді облыс әкімі АЛТАЙ КӨЛГІНОВ. Бүгінгі күні Орал қаласындағы 48 білім ордаларында 40 мың 075 шәкірт дәріс алып жүр. Ал, тәуелсіздік алған жылдары өңірде 59 мектеп пен 17 бала бақша іске қосылған. Сонымен қатар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен тағы да 24 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. Жалпы облыс бойынша жаңа жылда 5 мектептің құрылысы жүргізіледі. Оның 4-уі Оралда, 1 ауданда. Биыл «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 5,3 млрд теңге бөлінген еді. Сол қаражатқа аудандарда 215 нысан жөнделуде. Соның 50-ден астамы бб ғимараттары екен.    
Акерке Абишева
Главный баннер --> after article