• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда емханаларында электрондық кезекпен қызмет көрсетіледі

Орал қаласындағы барлық емханарға «Электрондық кезек» жүйесі орнатылуда. Тамыз айында осы бастама бірінші болып №6-шы емханада жүзеге асырылған болатын. Жоба емделушілер мен емдеушілерге де тиімді екендігін көрсетті. Жаңа жоба ақпараттық табло, теледидар және өзге де дыбыстық хабарлама жиынтығынан тұрады. Мақсат - уақытты үнемдеп, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру. Бүгінде Орал қаласындағы барлық 6 емханаға осындай қондырғылар орнатылған. Келесі кезекте Деркөл шағынауданында да осындай жобаны жүзеге асыру жоспарланған. - Бағдарлама кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Тұрғындарға қиындық келт
Оралда емханаларында электрондық кезекпен қызмет көрсетіледі
Орал қаласындағы барлық емханарға «Электрондық кезек» жүйесі орнатылуда. Тамыз айында осы бастама бірінші болып №6-шы емханада жүзеге асырылған болатын. Жоба емделушілер мен емдеушілерге де тиімді екендігін көрсетті.  
poliklinika-1-2
poliklinika-1-2
         Жаңа жоба ақпараттық табло, теледидар және өзге де дыбыстық хабарлама жиынтығынан тұрады. Мақсат - уақытты үнемдеп, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру. Бүгінде Орал қаласындағы барлық 6 емханаға осындай қондырғылар орнатылған. Келесі кезекте Деркөл шағынауданында да осындай жобаны жүзеге асыру жоспарланған. - Бағдарлама кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Тұрғындарға қиындық келтірмеу үшін, олар жаңа жобаға әбден үйреніскенге дейін. Олардың ескерту-ұсыныстары бойынша қажетті шаралар жүзеге асырылады. Электрондық таблоға екі тілдегі бағдарлама енгізілген. Тұтынушының сұранысы бойынша оған түсінікті тілде қызмет көрсетіледі, - дейді «Электрондық кезек» жобасының жетекшісі АНТОН СКРАМОВСКИЙ.          Жобаның тиміділігін тұрғындар да бағалап үлгерді. - Қызым Мәдинаны дәрігердің тексеруіне алып келдім. Аз уақыттың ішінде тиісті мамандар қабылдау жүргізді. Бұрынғыдай есік алдын толтырып, иін тіресіп, итерісіп тұратын кезектің жойылғаны бәрімізге де ыңғайлы. Талон алып, кіреміз, -  дейді қала тұрғыны Гүлзия АХМЕТОВА. Дәрігердің қабылдауына келгендер үшін бұл игі бастама болып тұр. Себебі, арнайы жазылу арқылы ем алушылармен қатар шұғыл жәрдем қажет ететіндер де ақ халаттылардың көмегіне жүгінетіндігі белгілі. - Бұл жүйе тек келушілердің ғана емес, біздің де, яғни дәрігерлердің де жұмысын жеңілдетеді. Клиенттер уақытымен келіп, уақытымен кетеді, - деп жауап берді №1 қалалық емхананың директоры СВЕТЛАНА ЕРМЕКҚАЛИЕВА. Бұл жобалар республикалық «Кезексіз емхана» шарасы аясында жүзеге асырылуда. Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырып, емделушілердің уақыттарын үнемдеу осы бастаманың негізгі басымдығы. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын Батыс-Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ өзара емханаларды аралап, жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, олардың өтініштерін тыңдады. Науқастардың көбі үлкен кезектерге шагым түсірді.     Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article