• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда иесіз ғимарат сүрілді

Иесіз ғимарат Зачаганск кентінде орналасқан.
Оралда иесіз ғимарат сүрілді
Автордың фотосы

Оралда 40 жылға жуық иесіз тұрған ғимарат сүрілді. Нысан Жәңгір хан көшесі 53 пен 57 үйдің ортасында орналасқан. Осы уақытқа дейін иесіз ғимарат белгілі бір тұрағы жоқ адамдар мен күл-қоқыстың ордасына айналды. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келген. Бірақ іс осы жылдың маусым айында ілгері басқан.

— Құрылысы бітпеген ғимарат  80-шы жылдардан бастап, 40 жылдан астам уақыт бойы осы жерде тұрды. Құрылысы бітпеген ғимараттың қасында неше түрлі қоқыс пен қылмыс болды. Тұрғын үйлердің тұрғындары осы жерге полиция шақыртып, кішкене тәртіпке келтірдік. Болмайтын болғасын құзырлы органдарға өтініш жіберіп, құрылысты бұзуды сұрадық,—  дейді зейнеткер Бейсенғали Оспанов.

Зачаганск кентінің әкімі Аққали Әубекеров құрылысы аяқталмаған ғимараттың жайлы көптен бері хабардар екен. Электронды порталға келіп түскен сауалға жауап беру үшін құзырлы мекеменің мамандарымен бас қосып, прокурорлардан да көмек сұрағанын айтады. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың иесі жоқ екені анықталыпты.

— Біздер құзырлы органдардың мамандарын жинап, жер қатынастары, сәулет, қала-құрылысын бақылау мекемесі бар, тұрғындардың өздері жинап, қалалық коммуналдық тұрғын-үй шаруашылығы  бар бәрін жинап, кеңес өткіздік. Барлығына тапсырма берді. 15 күннің ішінде осы жердің заңдылығын тексеріп, жауап беру керек еді. Бізге өтініш жазған тұрғын, бізден бұрын тиісті органдарға сауал жіберген. Оның қолында мекемелердің жауаптары болды. Бұның бәрін жинақтап алып, бәріміз жиналып, осы жерге АКТ жасадық. Бұл жерді заңсыз деп тану бойынша. Қала әкімінің бұл жерді заңсыз деп тану бойынша қаулысы шығады. Барлық жағынан тексеріп келгенде ғимараттың заңсыз екені көрініп тұр. Себебі, кадастрлық нөмірі жоқ, – деді Зачаганск кентінің әкімі Аққали Әубекеров.

Прокурорлар «Заң мен тәртіп» қағидатын орындау үшін БАҚ, әлеуметтік желі мен Е-Өтінішке келіп түскен хаттарды жіті тексеретінін жеткізді. Қазіргі таңда құқық қорғау саласының қызметкерлері өңірде заңсыз, иесі жоқ ғимараттарды іздеп, олардың санын нақтылап жатырған көрінеді.

Жәңгір хан көшесінің 53 пен 57 үйдің тұрғындары сүрілген ғимараттың орнына саябақ салуды сұрайды. Олардың тілегі де бюджетте ақша табылған шақта орындалмақ. Зачаганск кентінің әкімі Жәңгір хан университеті мен Медициналық колледж аялдамасы аралығын жалғайтын тынымбақ салынатынын хабарлады. Осы тынымбақтың ішінде сүрілген ғимараттың аумағында абаттандырылады деп жоспарлануда. Алайда жұмыстарды бастауға бюджеттің жоқтығы қолбайлап тұр.

Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article